Қостанайдағы Қызылордалық құтқарушылардың қауырт қызметі     

Қостанайдағы Қызылордалық құтқарушылардың қауырт қызметі       

       26 наурызда сағат 00-ден 40 минут өткен шамасында  авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосалқы күш ретінде Қостанай облысына Қызылорда облысы ТЖД күш-құралдары жіберілді. Атап айтқанда,  облыстың 31 адамнан тұратын құтқару жасағы, 6 бірлік техника, 10 мотопомпа, 2 қайық Қостанайға жіберілді. 27 наурызда сағат 16:00-де олар Қостанай облысындағы Амангелді ауданына жетіп, жұмысты бастап кетті.

         27 наурызда сағат 18-ден 30 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Амангелді ауылында қардың еріген суларын тарту жұмыстарын жүргізді. Жетекшісі: Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Досымов.

         27-28 наурызда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары Аманкелді ауылының Абай, Палуан көшелерінен және Боданов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің ауласынан 7482000 литр (7482 м3) су тартты. Қазіргі таңда су деңгейі 10-15 см-ге төмен түсті.

         Ол туралы «Кызылординские спасатели работают в Костанае»тақырыбында жергілікті «Qyzylorda» телеарнасында телесюжет берілді.

         28 наурызда сағат 11:00 минут шамасында қызылордалық құтқарушылар Амангелді ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Шынтас фазендасынан 5 адамды  қайықты пайдалану арқылы құтқарды. Сонымен бірге өрт сөндіру насосы стансасын, мотопомпаларды пайдалана отырып,  10 мың текше метр су тарту жұмысын жүргізді. Тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.»,-деді Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ бастығының орынбасары Бауыржан Оспанов.

         Сол күні Қостанайдағы Қызылордалық құтқарушылардың іс-әрекеті туралы «Qyzylorda» телеарнасындағы «Anyq times» телебағдарламасында сұқбат өрбіді. Журналист: Қозы Көрпеш Жасаралұлы. Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Бейбітхан Спанов.

         29 наурызда сағат 00-ден 45 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағы Қостанай облысындағы әріптестермен бірлесіп, Шынтас фазендасынан 2 үрлемелі қайықты пайдалану арқылы 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

         Құтқару жұмыстары кезінде бірқатар Қостанайдың тұрғындары Қызылордалық құтқарушыларға алғыс айтты.

         Жұмыс жалғасуда.

 Қызылорда облысы ТЖД