Қызылордалық құтқарушылардың жұмыстарынан      

Қызылордалық құтқарушылардың жұмыстарынан           

      «Бүгін - 29 наурызда сағат 00-ден 45 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының күшімен Қостанай облысындағы әріптестермен бірлесіп, Қостанай облысындағы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан Шынтас фазендасынан 2 үрлемелі қайықты пайдалану арқылы 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды.»,-деді Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жандос Досымов.

         Құтқару жұмысы кезінде бірқатар Қостанайдың тұрғындары Қызылордалық құтқарушыларға алғыс айтты.

 Қызылорда облысы ТЖД