Өңірдегі өкілдер Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысына қатысты  

Өңірдегі өкілдер  Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысына қатысты   

2024 жылғы 28 наурызда Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша ведомствааралық мемлекеттік комиссиясының отырысы өткізілді.  Оған бейнеконференциялық байланыс арқылы Қызылорда облысы әкімшілігінің өкілдері мен Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев, Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев және бірқатар жауапты мамандар қатысты. 

Комиссия отырысында өрт сөндіру бекеттерінің жай-күйі, құрылыс нормалары мен қағидалары, суға шомылу маусымын өткізуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың  дайындығы тақырыптары талқыланды.

Соңында ұсыныстар айтылып, тиісті мекемелер мен әкімдік өкілдеріне  міндеттер жүктелді.

Қызылорда облысы ТЖД