Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою комиссиясының отырысы өткізілді  

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою комиссиясының отырысы өткізілді   

2024 жылғы 27 наурызда Қызылорда облысы әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою комиссиясының отырыс өткізілді.

Аталмыш отырыста үш мәселе қаралды.

  1. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы;
  2. Өрт қауіпті кезеңге дайындық шаралары мен мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендердегі өрт сөндіру бекеттері туралы;
  3. Облыстағы стратегиялық маңыздылығы жоғары су тораптарының жағдайы туралы.

  Комиссия отырысы барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаев «Өрт қауіпті кезеңге дайындық шаралары мен мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендердегі өрт сөндіру бекеттері» тақырыбында баяндама жасады.

«Қызылорда облысында мемлекеттік орман қоры жерлерінің аумағында 2023 жылы 24 өрт оқиғасы тіркелді.  

Жергілікті атқарушы органның есебінен өңірдегі шалғай жатқан елді мекендерде 28 өрт сөндіру бекеті құрылған, бекеттер 89 елді мекенді өрт қауіпсіздігімен қамтуда. Сол 28 бекеттің 12 бекетінде жауапты қызметкерлер мен техникалар бекітілмеген. Шаруа қожалықтарының ғимараттарымен келісіп, техникаларды орналастырғанымен, аталмыш ғимараттар талапқа сай келмейді.

«2021-2025 жылдарға мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде кезең-кезеңімен өрт бекеттерін құру» жоспарына сәйкес 10 өрт сөндіру бекеті құрылуы қажет. 2024 жылы 2 өрт сөндіру бекетін Сырдария ауданында құру жоспарланған.»

Соңында ұсыныстар айтылып, тиісті мекемелер мен аудан әкімдеріне міндеттер жүктелді.

Қызылорда облысы ТЖД