БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

2024 жылдың 27 наурызында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің “Нұрбесік - бөбекжай”балабақшасының тәрбиешілері мен балаларына “Терезеден алшақ бол!”, “Су айдындарындағы қауіпсіздік”, “Өрт қауіпсіздігі”, “Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер” туралы түсіндіріліп, арнайы үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар төтенше жағдайдың алдын алу жөнінде арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы