Дүкен өртенді

   Дүкен өртенді

2024 жылдың 28 наурызында сағат 00-ден 03 минут өткенде Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесінің бойында орналасқан «Нұр базарының» аумағындағы дүкеннің төбе жабуы мен ішкі бөлігі толығымен өртенді. Өрт сағат 01-ден 40 минут өткенде толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртті сөндіруге 3 техникасымен 20 қызметкер жұмылдырылды.

Қызылорда облысы ТЖД

 Видеода (сөз сөйлеген): Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Жаппаров Әлімхан Әбдіқалықұлы.