«Kundelik.kz» платформасында

«Kundelik.kz» платформасында

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы білім беру саласындағы бағдарламалық қамтамасыз ету  «Kundelik.kz» платформасына төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін ескертетін ақпараттық жадынамаларды орналастырды.

Платформада облыс аумағында орналасқан 295 білім беру орындары және 100714 оқушы қамтылған. 

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары және ата-аналар, платформада енгізілген ескертпе-жадынамалары арқылы өз қауіпсіздіктеріңізді және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Қызылорда облысы ТЖД