Бүгін сағат 11-ден 30 минут өткенде Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №106, жаңадан салынып жатқан 7 қабатты "Мерей" тұрғын үй кешенінің 2-қабатында газ жылытқышының газ-ауа қоспасының (сыйымдылығы 50 л. газ баллоны) жылыстауының нәтижесінде, пластикалық терезелер, 22 газ жылытқышы және электр сымдары қираусыз өртенді, жалпы өрт ауданы 48 шаршы метрді құрайды. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен автосатының көмегімен 8 адам құтқарылды. Өрт сағат 12 -де оқшауланып, сағат 12 -ден 8 минут өткенде толық сөндірілді. 1969 жылы туған және 1970 жылы туған азаматтар (18% бет пен қолдың күйігі, орташа ауырлық дәрежесі) күйік алу салдарынан ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында жұмыс жасағандар: ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының филиалы, Полиция департаменті, жедел медициналық жәрдем бригадасы, Қызылорда электр торабын тарату мекемесі (62 адам және 15 техника бірлігі).
Дәрігерлер 1970 жылы туған азаматты денсаулығының жақсаруына орай үйіне жіберді.
Қызылорда облысы ТЖД