Қыс мезігілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.
Қыста жолға шыққанда есте сақтауды қажет ететін қарапайым ережелер:
Метеорологиялық мәліметтерді тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерісін байқауға тырысыңыз;
Аязды күні ең алдымен адамдардың аяқ қолы және беті жиірек және тез тоңады, сондықтан жылы киімдер киіңіз, аяқ киім кез келген жағдайда кең болуы тиіс;
Автокөлікпен алыс сапарларға шыққан жағдайда, көліктің ақауын жөндеңіз, өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, автожолдардың бойында орналасқан жылыту пункттерін және медициналық көмек көрсету бекеттерін нақтылап алыңыз.
Мұз үстімен жүру ережесі:
Тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;
Өзен-көлдерден, каналдардан өтерде мұз өткелдерін пайдаланыңыздар;
Аяқ соққысымен мұздың қаттылығын тексеруге болмайды.
Төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар орын алған кезде «101» және «112» телефондарына хабарласыңыздар. Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданы ТЖБ