«Қыс мезгілінде балық аулау кезіндегі төтенше жағдайдың алдын алу» тақырыбында брифинг өткізілді    

«Қыс мезгілінде балық аулау кезіндегі төтенше жағдайдың алдын алу» тақырыбында брифинг өткізілді      

Брифинг барысында: аудандық ТЖБ бастығы Ө. Сақтабаев: Қыс мезгіліндегі балық аулау кезінде азаматтардың сақтауға тиісті қарапайым ережелері төмендегідей:

- балық аулау және шағын көлемді қайықтармен аңшылық кезінде, қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған ыдыстың болуына көз жеткізу қажет;

 - түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады;

- мұз астынан балық аулаған кезде 2-ден артық шұңқыр тесуге және от жағуға болмайды;

- қайықтың жарамдылығын, оның құтқару жилетімен,  шеңбермен жабдықталуын тексеру қажет;

- өзімен бірге дәрі-дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс.

Осы бағытта қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық  хаттамасы толтырылатындығы айтылды.

Сондай-ақ қыс мезгілінің жақындауына байланысты мұздағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертілді.

Брифингтің соңында "Қармақшы таңы”газетінің тілшісі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі