Ашық сабақ

Ашық сабақ

Қазалы ауданы N225 орта мектепте "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында  ашық сабақ өткізілді. 

Мақсаты: Балалардың  өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру. 

Өрт оқиғалараның 4 себебі айтылды: 

1.Отты абайсыз қолдану,

2.Пештің ақаулығы,

3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау,

4.Балаларды қараусыз қалдыру.

Сынып жетекшісі - Сексенбай Айгүлдің айтуынша, мұндай сабақ балалардың қауіпсіздік туралы таным-білімін қалыптастыру үшін керек.

Қазалы ауданы ТЖБ