Қызылордалықтар жеңімпаз құтқарушыларды құрметпен, салтанатпен қарсы алды    

Қызылордалықтар жеңімпаз құтқарушыларды құрметпен, салтанатпен қарсы алды      

Қызылордалық құтқарушылар өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін тағы да дәлелдеді.   Халықаралық деңгейде өткізілген “Қазқұтқару-2023” оқу-жаттығу жиынында өңірдің өкілдерк жеңімпаз атанды. Осыған орай өңірге жеңіспен оралған команданы жеке құрам үлкен қошаметпен, салтанатты түрде күтіп алды. Құтқарушыларды өңірге бастап келген Қызылорда облысы “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің” Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов. Салтанатты іс-шарада  Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев жеңімпаздарды құттықтады. “Бүгін  біз үшін ең қуанышты күн. Бұл тек біздің құтқарушыларымыздың ғана абыройының артуы емес,  өңірдің мерейінің үстем болуы”- деп атап өтті. “Техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета», «Белтемірдегі кешенді күштік жаттығу» дистанцияларында құтқарушылар бақ сынады.  Оқу-жаттығу жиынында өңірдің құтқарушылары Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Венгрия елінің командаларынан озды. Салтанатты іс-шараға БАҚ өкілдері де қатысып, арнайы телесюжет дайындады. Алдағы уақытта да өңірдің құтқарушыларына амандық пен сәттілік тілейміз!

 Қызылорда облысы ТЖД