
2023 жылғы 12 маусымда сағат 14-ден 52 минут өткенде Қызылорда облысының ТЖД “112” пультіне Президент саябағына қарама-қарсы орналасқан Шіркейлі каналының шетіндегі қураған жердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт орнына өрт сөндірушілер дереу жолға шықты.
Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстары нәтижесінде оқиға орнында шамамен 6 гектар жер өртеніп жатқандығы анықталды.
Өртті сөндіру барысы қатты желдің соғуына және қолайсыз ауа-райына орай күрделенді.
Шұғыл қызметтің жедел әрекеттерінің арқасында өрт сағат 17-ден 25 минут өткенде оқшауланып, сағат 18-ден 10 минут кеткенде толығымен сөндірілді.
Қызылорда облысының Өрт сөндіру қызметінің, Апаттар медициналық орталығының, Жергілікті полиция қызметі басқармасының, “ҚазТрансГазАймақтың”, жергілікті атқарушы органның барлығы 76 қызметкері 17 техникасымен жұмылдырылды.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Қызылорда облысы ТЖД Баспасөз қызметі