4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні  

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні   

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде есте сақталады.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер – көк байрақ, елтаңба және әнұран.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленеді. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі – парыз болып саналады.

 Сырдария ауданы ТЖБ