Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп оқушыларына су айдынындағы қауіпсіздік қағидалары мен құтқару әдіс-тәсілдері және суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек беру тәсілі түсіндірілді.
Жуырда аталмыш мектептің оқушыларына су айдынында шомылу кезінде орын алуы мүмкін ТЖ алдын алу және оны болдырмау мақсатында сала мамандары кездесу өткізді.
Жиын барысында Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Әбсаттар Мадияр, Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ Жедел құтқару жасағының Сүңгуірлік-құтқару бөлімінің бастығы Әбдіхалықов Ролан: “тыйым салынған аймақта суға шомылмаңыздар”,-деді. Сонымен бірге алғашқы көмек беру тәсілі туралы, “112” нөмірі жөнінде, қауіпсіздік қағидалары туралы да түсіндірді.
Қызылорда облысы ТЖД