Өрт оқиғасы кезінде 3 адам құтқарылды

Өрт оқиғасы кезінде 3 адам құтқарылды

2023 жылдың 30 сәуірінде сағат 18-ден 27  ммнут өткенде Қызылорда қаласы, Сүлейменов көшесі №56  5 қабатты тұрғын үйдің №5 пәтері жануда деген хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, анықтағаны: аталған мекен-жайдың 2-қабатында орналасқан пәтердің асхана бөлмесінде диван жанған. Өрт сағат 18-ден 43 минут өткенде оқшауланып, сағат 18-ден 45 минут өткенде толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Сол үйдің №12 пәтерінен 2 адам (1 бала) подъезд арқылы, 1 бала үш иінді саты арқылы пәтер терезесінен құтқарылды.

Құтқарғандар: N7 өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі Майлыбаев Бердібек,  аға өрт сөндірушісі Ибрашев Нұрбол.

Өртті сөндіру жұмысына 6 қызметкер, 2 бірлік техникасымен жұмылдырылды.

Қызылорда облысы ТЖД

Видеода: құтқарылған әйелдің өрт сөндіруші-құтқарушыларға алғыс айтуы.