Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар бойынша өткізілетін оқу-жаттығулардың жоспарына сәйкес Жаңақорған ауданындағы “СКЗ-U” ЖШС-нің “Күкірт қышқылы зауытында” қауіпті өндірістік обьектілерде авариялық және оқыс оқиғалар бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Бөлім қызметкерлері “Күкірт қышқылы зауытының”қызметкерлеріне төтенше жағдайлардың алдын-алу және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсетті.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі