Қызылорда өңірінде өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өткізілуде

Қызылорда өңірінде өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өткізілуде

          2023 жылдың 20-21 сәуірінде Қызылорда қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған  Қазбек Төреманов, Арғын Әшірбеков, Арман Төлеубаевтарды еске алу мақсатында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өткізілуде.  

          Жарысқа Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» өрт сөндіру бөлімдерінен 150 адамды құрайтын 15 командасы, сонымен бірге Қызылорда облысы ТЖД  жасөспірімдер құрама командасы, «Абылай хан атындағы колледждің» студенттері де белсене қатысуда.

          Аталмыш жарыс барысында қатысушылар 3 этап бойынша бақ сынайтын болады:

  1. Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу;
  2. Үш буынды жылжымалы сатымен оқу мұнарасының 3-ші қабатына көтерілу;
  3. Жауынгерлік қанат жаю.

          Мұндай жарыс өңірде жылына екі рет: яғни, сәуір және қазан айларында ұйымдастырылып тұрады. Осы секілді кәсіби жарыстар өрт сөндірушілер мен жас құтқарушылардың біліктілігін шыңдай түседі.

          Бүгінгі ашылу рәсімінде Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Қайрақбаев Руслан  Сламбекұлы алғы сөз сөйлеп, жарысты ашық деп жариялады.

          Сонымен бірге Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Оспанов Марат Сейдбатталұлы, Абылай хан атындағы жоғарғы колледжінің төтенше жағдайлар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спортынан спорт шебері Маржанов Бейбіт Қуатбайұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

          Сала ардагерлері мен өрт құтқару спортының тәлімгерлері, жаттықтырушылары, сонымен бірге қала тұрғындары бүгін жарыстың екі этапын көріп,  жанкүйер болып, командаларға қолдау білдірді. 

          Жарыстың өткізілу барысын өңірлік «Qyzylorda» және «ҚоғамТВ» телеарнасының өкілдері де тамашалап, ұйымдастырушылармен сұхбат жасап, арнайы телесюжет дайындады.

 

Қызылорда облысы ТЖД