Септикке құлаған бала қайтыс болды

Септикке құлаған бала қайтыс болды

2023 жылғы 26 наурызда сағат 12-ден 55 минут өткенде Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат келіп түсті: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, М.Қозыбаев көшесі, 2-үй, жеке тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала септикке құлап, қайтыс болды. Мәйітті туыстары сыртқа шығарды. Оқиға орнына  шықты: ТЖД (1 қызметкер).

Құрметті тұрғындар, балаларды бір минутке де қараусыз қалдырмаңыздар! Аула маңындағы септик пен құдықтардың бетін қақпақпен жауып қоюды сұраймыз.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 

Фото интернеттен алынды.