1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Неліктен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні 1 наурызда атап өтіледі?

1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9-шы сессиясы өтті.

Осы іс - шара аясында жыл сайын 1 наурызда осы жаңа мерекені-Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Бұл мереке күні 1972 жылдың 1 наурызында Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымын (ХАҚҰ) құруға орайластырылған.

Айта кету керек, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өтеді. Мәселен, ағымдағы жылы мереке мынадай ұранмен өтеді: тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі.

Қазіргі уақытта, күн сайын әр түрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың туындау қаупі болған кезде, мұндай іс-шараларды өткізу өте өзекті. Бұл халықты белгілі бір қиын жағдайда өзін-өзі ұстау ережелеріне үйретуге, өмір қауіпсіздігі саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын тексеруге, күштер мен құралдарды қолдану жоспарларын және олардың практикада тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді, проблемалық мәселелерді анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы бағыттың даму перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы ТЖД 

Азаматтық қорғаныс басқармасы