Кенжебек туралы

Кенжебек туралы

Кенжебек Кеңесұлы - азаматтық қорғау аға сержанты.

Ол бүгінде ҚР ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы болып қызмет атқарады. 1995 жылы 23 маусымда Қызылорда облысы Арал ауданы Шижаға елді мекенінде дүниеге келген. 

Кенжебек 2013 жылы Арал ауданы Шижаға елді мекені №57 Е. Көшербаев атындағы орта мектепті бітіріп, Арал қаласындағы Арал индустриалды техникалық колледжінің «Кең бейінді құрылыс шебері» мамандығы бойынша оқу бітірген. Колледж қабырғасында жүріп, түрлі өнер байқауларына қатысып, өзінің өнерге деген құштарлығын байқатқан. Алайда, алға ұмтылдырған арман әскери адам болу еді. Сол тілегі қабыл болған Кенжебек өрт сөндіруші болып еңбек өтілін бастайды.

Сәл шегінсек, Кенжебекке 2016 жылы әскерге шақыру қағазы келеді. Отан алдындағы әскери борышын орындау мақсатында ол, 2016 жылы әскерге аттанып, Павлодар қаласы №6679 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп, 2017 жылы Арал ауданына келеді. Осылайша әскереи өмірге деген қызығушылығы артып, қызметін өрт сөндіруші болып бастайды. Бұл 2018 жыл болатын.

Ол қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды, бөлімнің қоғамдық жұмыстарына да белсенді қатысуда. Бос уақытында шығармашылықпен айналысуда. Бірнеше шығармашылық байқауының жүлдегері.

Қызылорда облысы ТЖД


Тыныштық болса деймін әлемде

Көгімде ту, көңілде ән ұраным, 

Тыныштық болса екен деп жалынамын.

Тілсіз жау, от пенен су, апат деген,

Талайдың шайқап кеткен шаңырағын.

 

Адалдығы сезілген көңілінен,

Халықтың шығып жүрген сенімінен.

Құтқару қызметі жасай берсін,

Өзгені артық қойған өмірінен.

 

Ел үшін ерен еңбек жасағандар,

Адамзат баласына дос адамдар.

Өлім менен өмірдің арасында, 

Отпен, сумен күрескен осы адамдар.

 

Қиындық көріп тұрып бауырлары,

Қазақтың от жүрегі жалындады.

Көңілді қуантады құтқарушы жігіттердің,

Сол елден табылғаны. 

 

Көршіге көмек берсе, жақсы бол деп,

Достыққа адал болу басты міндет.

Абай айтқан: “әуелі Алланы сүй,

Адамдардың барлығын жақсы көр”,-деп.

 

Бәрі қазақ,түркідей туыс болсын,

Құтқару қызметіне ырыс қонсын.

Отан деген оғландар отқа күймей, 

Елім аман, жұртымыз тыныш болсын.                                                           

 

Кеңесов Кенжебек Кеңесұлы 

Арал ауданы 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау аға сержанты