Төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударыңыз, ол Сіздің автокөлігіңіздегі өрттің алдын алуға септігін тигізері анық:
- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға болмайды;
- көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады;
- көліктің жанар-жағар май құятын багының аузын ашық тастауға болмайды;
- автокөліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет;
- автокөлікте міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы