Қызылорда облысы аумағында су тасқыны қаупі бар кезеңде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Б. Әбдіқадыров, комиссия құрамында: ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Б. Спанов, ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Ж. Досымов, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жұмылдыру және жедел жұмыстар орталығының маманы К. Әбдіров, Қармақшы ауданы ТЖБ бастығы О. Сақтабаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Далабаев, әкімдіктің Жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Д. Бисембаев, "Қармақшысушар" РМК учаскесінің бастығы Е.Бодыбаев Қармақшы ауданындағы Сырдария өзеніндегі мұз жағдайына бақылау жасады. Сондай-ақ аудандық инженерлік қызметтің, ТЖ туындаған жағдайда тартылатын аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдарының дайындығына тексеру жүргізілді.
Ауданның елді мекендері мен гидро-техникалық құрылыстарын тексеру барысында мыналар анықталды:
Қармақшы ауданының ауданы 31.000 шаршы км құрайды, 12 елді мекен және 2 кент бар, тұрғын саны 54 011 адам.
Қармақшы ауданы бойынша Сырдария өзенінің ұзындығы 238 км құрайды, онда су басу қаупі бар 4 учаске (Жаңажол, Иіркөл, Қармақшы ауылдары, Жосалы кенті) орналасқан, халық саны 5 198 адам немесе 1 154 тұрғын үй.
Сырдария өзенінің бойында аудан аумағында ұзындығы 69,7 км қорғаныс бөгеттері орнатылған.
Сырдария өзеніне "Қазақавтожол" ЖШС ДЭУ-56 балансында тұрған автомобиль көпірі 1980 жылы салынған. Қазіргі уақытта Сырдария өзенінің мұз қабатынан көпірге дейінгі биіктігі 6 метр, сол арқылы осы учаскеде кептеліс қаупі жоқ (қазіргі уақытта нақты су өткізу жағдайының төмендеуін ескере отырып).
Сырдария өзенінде өзеннің жоғарғы қабатында сең ұстасқандығына қарамастан (мұздың қалыңдығы 20-25 см.) аудан бойынша кептелістер жоқ, су өткізу қабілеті тұрақты. Қазіргі уақытта ауданның елді мекендерін су басу қаупі жоқ (2023 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша).
Ауа температурасы -11;-12 °С.
Қысқы және су тасқыны қауіпті кезеңдерге арналған ауданның күш-құралдарын, инертті материалдарының қорын тексеру кезінде мыналар белгіленді:
Қармақшы ауданының әкімі қыс және су тасқыны қаупі бар кезеңдерде Сырдария өзенінің қауіпті учаскелерінде Авариялық құтқару шұғыл жұмыстарын атқару үшін 15 ұйымнан 110 адам және 23 техника анықталған.
Аудан әкімдігі қысқы және су тасқыны қаупі бар кезеңдерге инертті материалдар қорын белгіледі. 2023 жылғы 20 қаңтарда Қармақшы ауданы бойынша Сырдария өзеніндегі су тасқыны жағдайы күрделі емес, өзеннің жекелеген учаскелерін мұз жапқанына қарамастан, мұз астындағы күшті ағысқа орай су өткізу қабілеті тұрақты.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы