2022 жылдың 17 қарашасында сағат 9-дан 40 минут өткенде Жаңақорған ауданы, Байкенже а.о., Билібай ауылы (аудан орталығынан 31 шақырым жерде), 16 қарашада шамамен сағат 14-тен 30 минут өткенде үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған 1997 жылы туған азаматты (Жаңақорған ауданы, Байкенже а.о., Билібай ауылының тұрғыны, денсаулығында кінәраты бар) ТЖД «Жедел құтқару жасағы» (3 құтқарушы, 1 кинологиялық есеп және 1 бірлік техника), ТЖД (9 қызметкер және 1 бірлік техника), Аудандық полиция бөлімі (1 қызметкер және 1 бірлік техника), туыстары (10 адам), ауыл тұрғындары (29 адам) күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сағат 11-ден 50 минут өткенде Билібай ауылынан 3 шақырым жерде, Байкенже ауылының тұсында азаматты туыстары далада түнеген жерінен тапты, жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке жүгінбеді.
Қызылорда облысы ТЖД