Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі 105, электрондық мекенжайы: Spasr_kyzl@emer.kz, ok_spasr_kyzl@emer.kz тел: 8 (7242) 23-62-60 , факс 23-62-60 құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері – 11 бірлік. Оның ішінде: Қызылорда қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне - 2 бірлік, Қызылорда қаласы №5 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Қызылорда қаласы №6 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Қызылорда қаласы №7 өрт сөндіру бөліміне - 2 бірлік, Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік, Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөліміне -1 бірлік. Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты (экологиялық коэффициентін және арнайы атағын қоспағанда) 122,611 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі қызметкері:
оған бекітілген өрт сөндіру автомобилінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі;
жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындайды және бөлімнің жарақтануында бар барлық типті өрт сөндіру автомобильдерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара алады;
барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ арнайы автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей біледі, өрттерде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іс-қимыл жүргізу жағдайларында олардың техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана біледі;
қызмет өткеру, өрт сөндіру автомобильтерін пайдалану, оларды жөндеу және ТҚ барысында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын орындайды;
ұйқыға жатқанға дейін қарауыл ішкі наряд адамдарының міндеттерін орындайды;
бекітілген техникалардың барлық ақаулықтары туралы бөлімше командиріне баяндайды және оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдайды.
Өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен оған бекітілген өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу құқығына куәлігі жоқ жүргізуші кезекшілікке жіберілмейді.
Жүргізушіге басқа адамдарға, өзі бағынатын адамдарды адамдарды қоса алғанда көлік құралдарын басқаруға беруге және өрт сөндіру автомобилінің оталдыру құлпында оталдыру кілтін қалдырып кетуге тыйым салынады.
Құқық қорғау органдарына қызметке орналасуға негізгі мынадай талаптар қойылады:
Жасы – 35 жастан аспаған. Жалпы орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Арнайы дыбыс және жарық дабылдарымен жабдықталған өрт сөндіру автомобильдерін (Зил, Камаз, Урал) жүргізуге транспорттық құралдардың сәйкес категориясы бойынша бекітілген үлгіде куәлік алған жүргізушілер ғана жіберіледі (категория «В»,«С»).
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы
31 тамыздағы № 24173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы «Азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және орта басшы құрам лауазымдарының тізбесін, азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағлымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» №413 бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттарының алгоритімі бойынша өтеді.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабасында орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;
5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
9) 3х4 см өлшемдегі 4 (төрт) фотосурет, 9х12 см 1 (бір) фотосурет;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде);
13) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамаларды.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі №105 мекен-жайында (Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі) жергілікті сағат: 09.00.ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.