
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері “19 қазан - Құтқарушылар күні” мерекесіне орай қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған Төреманов Қазбек Сұлтанбекұлын еске алды. Қ. Төреманов 2008 жылы тікұшақ апаты салдарынан қаза тапқан болатын. Бүгінде оның жұбайы қыздарын тәрбиелеп отырған абзал ана. Осы орайда офицерлер Төреманова Светланаға кәсіби мерекеге орай ілтипат білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД