Жуырда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Отбасы күніне орай «Мен және менің отбасым» тренингі ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – ата-аналардың бала тәрибесі дамуында ролінің зор екендігін ұғындыру. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайту, екі жақтың бір-біріне түсінісушілігін арттыру.
Тренинг кезінде сөйлеушіге кедергі келтірмеу, бір-біріне кедергі жасамау, бірігіп жұмыс жасау, күлімсіреу ережелері орындалды.
Сонымен бірге тренингте: «таныстыру», «мен түсінемін», «балаңызды қаншалықты білесіз?», «қолынан танып біл», «ата-анамның үні» кезеңдері өткізілді.
«Барлық кезеңдер ата-ана мен бала арасында ерекше байланыс барын дәлелдеді. Бала - ата-ана ізін жалғастырушы. Бала тәрбиесі – жақсылығы мен қиындығын қатар алып жүретін күрделі процесс. Отбасы кез-келген адам үшін зор маңызға ие.»,-деді аталмыш тренингтің ұйымдастырушысы, Психологиялық қызмет тобының бас маман-психологі азаматтық қорғау майоры А.Тілеуқабылова.
Соңында тренинг қатысушылары хормен «Айналайын» әнін орындады. Қатысқан отбасыларға алғыс хат табысталды.
Қызылорда облысы ТЖД