«Жауынгерлік қанат жаю»  жарысы бойынша жеңімпаздар анықталды

«Жауынгерлік қанат жаю»  жарысы бойынша жеңімпаздар анықталды

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ХХVIII ерлер арасындағы, VIII әйелдер арасындағы  жазғы чемпионатының соңғы кезеңі ағымдағы жылдың 6 тамызында Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның кіші алаңында өткізілді. Командалардың барлығы да алаңға ерте келіп, физикалық дайындықтарын арттырды. «Жауынгерлік қанат жаю»  жарысы - бұл  команда болып бірге нәтижеге жететін жарыс этапының бірі.

Жарыста қатысушылар өз дайындықтарын, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Әйелдер командасы да ерлер командасынан еш қалыспай, күші мен кәсібилігінің арқасында жауынгерлік қанат жаюда ширақ қимыл көрсетті. Олар өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерін және төтенше жағдай кезінде командада жұмыс істеу әдістерін көрсетті.

Қорытынды бойынша ерлер арасындағы келесі жүлделі орындар анықталды: 1-орынды Ақтөбе облысының командасы, 2-орынды батыс Қазақстан облысының командасы, 3-орынды М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының командасы иеленді. Ал, әйелдер арасында  бәсекелестерінен озат деп табылған - Түркістан облысының командасы 1-орынды иеленді. 2-орынды Қызылорда облысының командасы иеленіп, 3-орынға  Нұр-Сұлтан қаласының  әйелдер командасының өкілдері лайықты болды.

Қызылорда облысы ТЖД