Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXVIІІ ерлер арасында, VIІІ әйелдер арасында чемпионаты шеңберінде 4x100 метр өрт сөндіру эстафетасында жеңімпаздар анықталды    

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXVIІІ ерлер арасында, VIІІ әйелдер арасында чемпионаты шеңберінде 4x100 метр өрт сөндіру эстафетасында жеңімпаздар анықталды      

         Бүгін  Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда «4х100 –Өрт сөндіру эстафетасы» өтті. Оған әйелдер арасындағы 18 топ қатысып, бақ сынады.           

          Өрт сөндіру эстафетасының ережесі бойынша жалпы командалық есепте 4 адамнан 2 команда қатысады, бірақ үздік өнер көрсеткені есепке алынады. Эстафетада  өрт оқпаны қолданылады. Соңғы кезеңнің спортшысы мәре сызығын оқпанмен кесіп өтуі тиіс.

          Бірінші кезеңнің өкілі старт сигналынан кейін жүгіреді.

          Екінші кезеңнің спортшысы эстафетаны қабылдап, дуалдан өтеді. Әйелдерге кез-келген тәсілмен дуалдан өтуге рұқсат етіледі.

          Үшінші кезеңнің қатысушысы оқпанды қабылдап, жеңдерді тасымалдайды.

          Төртінші кезеңде, яғни соңғы спортшы эстафетаны қабылдап, өрт сөндіргішке жүгіріп, оны алып, жануды сөндіреді. Егер жану бір өрт сөндіргішпен жойылмаса, онда спортшы қосалқы құралды пайдаланады.

          Алдыңғы күнгі жарыс кезіндегідей, эстафета кезінде де стадионда жеңіске тартыс басталды. Команда мүшелері жеңіске жету үшін бір-бірін жігерлендірді.

          Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді: Қыздар арасындағы қорытынды бойынша 1-орынды Түркістан облысы, 2-орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 3-орынды Шымкент қаласының қатысушылары иемденді.

          Онан соң ерлер арасында  «4х100 –Өрт сөндіру эстафетасы» өтті. Оған да 18 команданың спортшылары қатысты. Командалық жарыста Шығыс Қазақстан облысының спортшылары қарсыластарынан оза шауып, 1-орынды алды. 2-орынды Атырау облысының спортшылары, 3-орынды Павлодар облысының қатысушылары иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД