Жазғы чемпионаттың екінші кезеңі қорытындыланды немесе Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарыс өтті  

Жазғы чемпионаттың екінші кезеңі қорытындыланды  немесе  Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарыс өтті      

         Ағымдағы жылдың 4 тамызында Қызылорда қаласындағы «Мерей» мөлтек ауданындағы  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында «Қызылорда-2022» жазғы чемпионатының екінші кезеңі – Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу бойынша  жарыс өтті.

          Аталмыш жарыс бірінші кезекте әйелдер арасында өтті, онда еліміздің барлық өңірінен келген қатысушы әйелдер бақ сынасты. Нәтижесінде «Оқу мұнарасының 2-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу» жарысында Алматы қаласынан келген Дзолба Оксана 1-ші орынды (7.41), Түркістан облысынан келген Тұрсын Айдана 2-ші орынды (7.47), Нұр-Сұлтан қаласынан келген Булыкина Кристина 3-ші орынды (7.65), Ақмола облысынан келген Хорошева Анастасия 4-ші орынды (7.76)  иеленді.

          Одан соң ерлер арасындағы сайыс жалғасын тапты. «Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу» жарысының финалы қорытындысы бойынша Атырау облысынан келген Қайсарбеков Жасұлан 1 орынды (13.79) , Нұр-Сұлтан қаласынан келген Серікханов Тимур 2-орынды (14.08), Қызылорда облысынан қатысқан Әбдібек Еркін 3-орынды (14.29), Атырау облысынан келген Буторин Николай 4-орынды (14.50)  иеленді.

          Ертеңгі кезеңнің барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Қызылорда облысы ТЖД