Бас маман Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

Бас маман Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

2022 жылғы 16-18 маусымда Алматы қаласында «Сейсмикалық қауіпті бағалаудың және жер сілкінісін болжаудың заманауи әдістері» туралы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық базасында халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияда  шетелдік мамандардың қатысуымен мореналық мұзды көлдердің бұзылу қаупін бағалаудың  ғылыми негіздері және олардың бұзылу қаупін азайту жөніндегі іс-шаралардың практикалық мысалдары айтылып, жер сілкінісін болжаудың  арнайы  тәсілдері тақырыбында баяндамалар тыңдалды.

Осы ғылыми конференцияға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы  Спанов Бейбітхан Оразайұлы қатысып, сертификат иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД