ҚАЛА ӘКІМІ ӘСКЕРИ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ӘСКЕРИ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдық мерекесіне орай қызметкерлер мен ардагерлерді қабылдады.

- Осыдан 30 жыл бұрын еліміздің тарихында алғаш рет тұрақты әскер құрылды. Бұл біздің еліміздің елдігінің, Тәуелсіздігіміз бен теңдігіміздің бекіген күні деп саналады. Біздің Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Елінің ертеңі үшін аянбай кез-келген уақытта Отан қорғауға даяр елінің елжанды ұландарын мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік тілеймін, - деп атап өтті қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Шара барысында  Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы, басқарманың бас маманы азаматтық қорғау капитаны Тұрсынбаев Олжас Тұрсынбайұлы, басқарманың аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жанайдархан Сүндетке қала әкімінің алғыс хаты табысталды.

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы