
Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қызылорда облысы Төтенеше жағдайлар депратаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаевқа «Ең қайырымды ұжым» номинациясы бойынша диплом мен кубокты табыстады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында еріктілік пен қайырымдылыққа бағытталған шараларды ұйымдастыруға белсене араласып, ел бірлігі мен ырыс-ынтымағын сақтау жолындағы игілікті істері үшін Қызылорда облысы Төтенеше жағдайлар депратаментінің ұжымы Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың атынан Дипломмен марапатталды.
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясына облыстағы департамент, басқарма, ұйым, мекемелер қатысып, бақ сынаған болатын.
Қызылорда облысы Төтенеше жағдайлар департаментінің ұжымына алдағы уақытта да қоғамдағы белсенділігін арттырып, игілікті істер мен жақсылық жасау жарысында алда бола беріңіздер дейміз.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы