Жуырда Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан «Болашақ» университетінің оқу ғимаратында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің офицерлік құрамына сабақ өткізілді.
Қала аумағындағы биік ғимараттардың бірі - «Болашақ» университетінің оқу корпусы Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы Қызметтің жеке құрамымен бірге аталмыш оқу орнына барып, ғимаратпен танысты. Мұндағы басты мақсат - төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету тактикасы талқылау, орын алған өртті дер кезінде сөндіру мәселелерін пысықтау болды. Сондай-ақ шара барысында университет оқытушыларына зардап шегушілерді эвакуациялау және құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарын жүргізу түсіндірілді.
Қызылорда облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің»
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы