М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы
 
Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің, №13 өрт сөндіру бөлімі, №16 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Білім бөлімі және мектеп директорларымен бірігіп, жоғары сынып оқушыларына ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібін түсіндіріп, арнайы кәсіби бағдарлауға арналған материалдарды таратты. Іс-шарада оқудың күн тәртібі және бітіру барысында 100% жұмысқа тұру кепілдігі мен «лейтенант» арнайы атағы берілетіні, сонымен қатар әскери билет пен жүргізуші куәлігін алу, шет мемлекеттерге оқуға түсу мүмкіндігі бар екені аталып өтті.
 
Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі