САПТЫҚ ҚАРАУ ӨТКІЗІЛДІ

САПТЫҚ ҚАРАУ ӨТКІЗІЛДІ

         Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің  ауласында саптық қарау өткізілді.

         Саптық қарауды «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Ибрагимов  жүргізді.

         Мақсат: қызметкерлердің қысқы киім кию түріне көшуіне байланысты киімдердің ереже талаптарына сай болуын тексеру. Саптық қарау барысында қызметкерлердің күнделікті сыртқы киімі мен жүздері қаралды. Тексеру барысында қызметтік жеке куәлікке, жеке нөмірге, ұқыптылығына және погонның дұрыс тігілуіне, эмблемаларға, шеврондарға, шаштың көрінісіне және сәйкес келетін аяқ киімге ерекше назар аударылды.  Саптық тексеру қорытындысы бойынша қызметкерлер арасында киім кию тәртібін өрескел бұзушылық анықталған жоқ.

         Шара соңы  жеке құрамның  салтанатты шеруіне ұласты.

Қызылорда облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және авариялық-

құтқару жұмыстары қызметі» ММ