Қазандықтың жарылуы  

Қазандықтың жарылуы      

        Бүгін сағат 08-ден 15 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасына  Қазалы ауданы, Тасарық кенті, №238 орта мектеп аумағындағы жеке тұрған (мектептен қашықтығы 50 м) қатты отынмен жылыту қазандығының тұтанусыз жарылуы орын алып, 64 шаршы метр алаңда ғимараттың қабырғалары мен жабынының  ішінара қиралғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқу процесіне кедергі келген жоқ (ауа температурасы +9). Қазандық үйінділерін жинау мектеп жұмысшыларының күшімен (15 адам және 2 бірлік техника) жүргізілуде. Оқиға орнына  облыстық ТЖД (2 қызметкер және 1 бірлік техника) барды.

         Осы жөнінде «Қазақстан» ұлттық арнасының өңірдегі тілшілеріне  Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев сұхбат берді.

Қызылорда облысының ТЖД