Балық аулау немесе аң аулау демалыстың ғажап түрі, алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, соңы қауіпке ұрындыруы мүмкін. Шағын көлемді кемелер немесе қайықтармен балық аулау және аң аулау алдында, қайыққа отырмас бұрын оның ескектерінің және олардың бекіткіштерінің, сонымен қатар құтқару шеңбері мен суды сарқып алу үшін ожаудың болуын қадағалап, қарап алу қажет. Қайыққа отыруды аса сақтықпен жүргізу керек. Отырғыштың дәл ортасына, тепе-теңдікті сақтап, бірқалыпты отыру керек. Шағын көлемді кемелердің немесе қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға, қайықты шайқауға, суға секіруге немесе сүңгуге қатаң түрде тыйым салынады. Сонымен қатар, қайықтағы адамдар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеттерін, кеудешелерін) киіп отыруы қажет.
Шағын көлемді кемелер және қайықтармен балық, аң аулау кезінде сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелері:
2.Балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп, қарап алу қажет.
3.Мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық немесе аң аулауға қатаң тыйым салынады.
Қызылорда облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы