Тәуелсіздік тағылымына 30 жыл    

Тәуелсіздік тағылымына 30 жыл      

Ағымдағы жылы ел егемендігіне 30 жыл толмақ. Ел басынан өткен қиын-қыстау заманнан осынау алпауыт, рухы биік мемлекетке айналу жолында талай асыл жандар құрбан болды. Жаңа мемлекет, жаңа сала, жаңа мақсат пен міндетті және берік стратегияны қажет етеді. Бұл уақытқа дейін ел басында болған мемлекет қайраткерлері қазақтың әр баласын, әр бұрышын сақтап қалуда, ынтымақ қалыптастыруда аянбай тер төкті. 

Тіпті, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: "менің елге жасаған ең басты қызметім, шекарасын бекемдеп бергенім",- деген болатын. 

Шекаралы елде қауіпсіздік саласының болатыны анық. Біздің жерді қорғауға, елдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға, айтып келмейтін апаттардың маңында қарулы күштер, әскер, төтенше жағдайлар қызметкерлері бір ауыздан қызмет қылады. 

Әлемді тұрақсыздық, елді бей-берекет әрекеттер жайлаған заманда, ел азаматтарына, күллі жұртшылыққа идеологиялық тәртіптің, тәрбиенің керек екеніне көз жетті. Бұрыңғы кездей қару алып майданға шығатын заманның артта қалғаны қашан! Сондықтан, ой санасын дамытып, ұлттық кодты жаңғырту жолында біраз білгір көш бастап, жастарға үлгі болуда. 

Бүгінгідей бетбұрысты да тағдырлы кезеңде, біз үшін жаңа мемлекеттік идеологиямыздың маңыздылығы, қажеттілігі мен құндылығы да осында жатыр.

Адамзат тарихында қай дәуірде болмасын бірде-бір ел идеологиясыз ойдағыдай өмір сүріп, өсіп-өркендемегені бәрімізге белгілі.

Сондықтан бүгінгі кеңестің күн тәртібінде де ең көкейкесті, тағдырлы мәселе тұр деп білемін.

Бізге керегі бүкіл қазақстандықтардың арман-мүддесі түбегейлі көрініс тауып,  Парламент бекіткен ата заңымыздағы тұжырымдарды іске асыруға негізделген идеология.

Ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарға қозғалыстар мен саяси партиялар жинақталған оң тәжірибелерге негізделген мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, құқықтық мемлекет құруға және ең бастысы адамдардың игілігіне қызмет жасауға тиіс.

Негізгі міндет барлық үкімет зандарын, мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікірді зерттеу, оны талдау, оған оң әсер ету, ішінара ұшырасатын әлде бір қарама-қайшылықтарды бәсеңдету арқылы аталған құжаттардың орындалуына пәрменді ықпал жасау және жария түрде бүкіл халықтық бақылау орнату болып табылады. 

***

Мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарында жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын.  

Төтенше жағдайлар министрлігі Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайды. 

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанның ТЖ алдын алу және жою жүйесіне 26 жыл толады. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және азаматтық қорғаныс саласындағы алғашқы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті болды. Ол ҚР Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығына сәйкес құрылған. Содан бері бұл күн азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күніне айналды. 

 Жүйе төтенше жағдайларды жою ғана емес, ең бастысы – төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мәселелерін шешудің қажеттілігі мен маңыздылығын көрсетті. 

Осы ретте, барлық әріптестеріме сарқылмас күш-қуат, мықты денсаулық және кәсіби қызметімізде одан әрі табыстар тілеймін.

О. Тұрсынбаев

азаматтық қорғау капитаны

Қызылорда қаласы Төтенше

жағдайлар басқармасының аға инженері