Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, тек қана салауатты өмір салтымен өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының басты кепілі. Осы орайда Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімі мен Жалағаш ауданының №11 өрт сөндіру бөлімдерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа қатысушылар мұндай іс-шаралар пайдалы екендігін айтты. Аталған жарыс алдағы уақытта Жалағаш ауданында жалғасатын болады.
Сырдария ауданы
Төтенше жағдайлар бөлімі