
Отбасы
Отбасы - бұл сөзден асқан жылы сөз жоқ шығар сірә. Көзімізді ашқалы, есімізді білгелі, қуаныш пен қайғы да қасыңа демеу болар осы Отбасы. Алған тәрбиең де, сіңірген білімің де, болашақ өмірің де осы отбасыңа тікелей байланысты. Содан болар ”Отан-отбасынан басталады”,-деген мақал қалыптасқаны. Отанымыздың басты тірегі де осы отбасы.
Әрбір отбасы мүшесі Отанымыздың маңызды бөлшегі. Отбасы мүшелері қол жинаса алмайтын асу, бағындырмайтын белес болмайды. Осындай ұлы күшке ие аз ғана сөз, Мемлекетіміздің ертеңі, сондықтан отбасымыз тек қана аман, мемлекетіміз тыныш болсын.
Осы орайда Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі сіздерді «12 қыркүйек - Отбасы күнімен» шын жүректен құттықтай отырып, әрбір отбасыға татулық, бірлік, денсаулық және ауызбіршілік тілейді! Мейрам құтты болсын!