«АДАМ ӨМІРІ ЖӘНЕ СУИЦИДТЕН ҚОРҒАУ» тақырыбындағы СЕМИНАР-САБАҚ  

«АДАМ ӨМІРІ ЖӘНЕ СУИЦИДТЕН ҚОРҒАУ» тақырыбындағы СЕМИНАР-САБАҚ   

Жақында Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  Жедел құтқару жасағының қызметкерлері арасында «Адам өмірі және суицидтен қорғау» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Семинар-сабаққа барлығы 14 Жедел құтқару жасағының қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының психологі Мұхитқызы Ақмарал, валеолог Жұмабаева Зарина және Облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы Арысқызы Ұлжан, валеологі Мәзхожа Гүлназ, тәжірибелі дәрігер маманы Кәусова Сәулені осы сабаққа арнайы қонақ ретінде шақырып, таныстырылды.

Семинардың мақсаты - қызметкерлер арасында өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру  болды.

Құтқару бөлімшесінің бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова «Адам өмірі және суицидтен қорғау» тақырыбында қызметкерлерге презентация жасап түсіндірді.

         Сонымен қатар «Өмірдің құндылығы» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

         Қатысушы қонақтар құтқару бөлімінің басшыларына «Стресс», «Кәсіби күйіп кетудің алдын-алу», «Стрестің алдын-алу»тақырыптары бойынша слайд түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәрігер, медбике, валеолог мамандары қызметкерлерге вакцина туралы хабардар ету және коронавирустық инфекцияның алдын алу, есірткінің адам өміріне қауіп төндіретіні туралы,  дұрыс тамақтанудың негіздері және фасфудтың ағзаға зияны туралы баяндама оқыды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру валеологтары зиянды әдеттен аулақ болуға кеңес беріп, буклеттер мен жадынамаларды таратты.

         Семинар соңында қатысушылар арнайы келген мамандарға өз ризашылықтарын білдіріп, семинар-сабақты қорытындылады.

                                                                              Жедел құтқару жасағы