Сабақ өткізілді  

Сабақ өткізілді   

         2021 жылғы 18 маусымда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Заң тобының ұйымдастырумен Қызылорда қалалық сотының судьясы Г. Мырзатаева мен Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры А. Ниязбектің қатысуымен Департаменттің жеке құрамына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша түсіндірме сабағы өткізілді.

         Сабақ барысында Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, арыз-шағымдар түскен жағдайда ӘРПК бойынша жасалатын әрекеттердің алгоритмі түсіндірілді.

         Бейнеконференцбайланысы арқылы аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары да дәрісті тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Қызылорда облысы ТЖД

Заң тобы