2021 жылғы 20 мамыр күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта-мектептің оқушылары мен ұстаздарына «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында диктанттар мен шығармалар жазылды және де жоғарыда аталған тақырып бойынша оқушылардың арасында сурет салудан сайыс өткізілді. Сайысқа 3 топ қатысып, мадақтау грамоталарымен марапатталды.
Азаматтық қорғаныс басқармасы