Жақында азаматтардың қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін арттыру және балалардың өртте қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу мақсатында Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының қызметкері А.Нұрымбетовамен бірігіп, «2021 жылдың жазғы кезеңінде су айдындарында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында Тереңөзек кентіндегі О.Әбілпаттаев атындағы №210 орта мектебінде «Өрт қауіпсіздігі», «Судағы қауіпсіздік», «Балалардың терезеден құлауы» және "Аттракциондағы қауіпсіздік" тақырыбында мектеп оқушылары мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналыс өткізді.
Аталған іс-шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі