«112» желісінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

«112» желісінің қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

2021 жылғы 8 сәуір күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник С. Молдақараевтың төрағалығымен және Жедел әрекет ету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі «112» - Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметінің топ басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында төтенше жағдай туралы түскен шақыртуларды қабылдау, шақыру обьектісінің мекен-жайы, оның орналасқан жері, өтініш берушінің аты-жөні сондай-ақ өзге де мәліметтерді өңдеу туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары С. Молдақараев «112» желісіне орнату үшін жүзеге асырылғалы жатқан «АРМ-Диспетчер» бағдарламасын орнатуды жылдамдатуды тапсырды.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті