Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ерікті түрде вакцина салдыруда!

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ерікті түрде вакцина салдыруда!

Жалпы вакцинациялау – жұқпалы ауруларға қарсы ең тиімді қорғаныстың бірі. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде коронавирустық инфекциясына қарсы екпе жасау жұмыстары жүргізілуіне байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник-V» вакцинасын алу жұмыстарын бастады. Азаматтық қорғау органдары апаттық құтқару және төтенше жағдайлардың алдын-алу шараларында тұрғындармен тікелей байланыста қызмет ететіндіктен екпе салдыру арқылы өз денсаулықтарына қоса халықтың денсаулығына залал келтірмеуін есепке алған. Қызметіне қырағы мамандар осылайша айтып келмейтін аурудан сақтанудың жолын тандап отыр. Алдағы уақытта екпені ерікті түрде 100 пайыз салдыру бағытында жұмыстар атқару жоспарланып отыр. Бұл - қызметкерлердің қызметке жауапкершілігінің бірі деп есептейміз.

Қызылорда облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы азаматтық қорғау лейтенанты Тәжібаев Нұрғиса Олжасұлы