Болашағың өз қолыңда!

Болашағың өз қолыңда!

Көкшетау техникалық институтына оқуға шақырамыз!

Қазіргі ақпараттық дамыған заманда күн талабына және сіздің қалауыңызға сәйкес келетін оқу бағытын таңдау қиын екені барлығымызға да белгілі. Сіздердің алдарыңызда көптеген мүмкіндіктерге жол ашылған. Өмірде ең үлкен қадам ол мамандық таңдау. Сіздің таңдауыңыз болашағыңызбен тығыз байланысты болмақ. Біздің Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардан қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың тактикалық күштері» мамандықтары бойынша төтенше жағдайлар бөлімдері мен органдарына қиын жағдайларда тапсырмаларды орындай алатын жоғары білікті мамандар дайындайды, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жалғыз ведомствалық оқу орны болып табылады. Біздің түлектер жоғары кәсібіи біліктілігімен және жоғары білімімен ерекшеленеді. Жақсы дайындығының арқасында олар табысты түрде жұмысқа орналасады және лауазымды орындарда қызмет атқарады. Біздің курсанттар институттық және халықаралық түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, спорттық және шығармашылық іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Осы бағытта Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Әбибуллаев Нұрғазы Құрманғазыұлы «Абылайхан» атындағы колледждің бітіруші түлектерін оқуға шақыру мақсатында жеке құрамнан 4 қызметкер бөлімнің есебіндегі 1 арнайы және 1 негізгі өрт сөндіру автокөліктерін колледж ауласында өрт техникалық құрал-жабдықтарымен таныстырып, өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Біздің институт – жайлы үй, мықты ұйымшыл отбасы. Сеніңіз, мұнда оқуға және қызмет етуге, керек жағдайдың барлығы жасалған. Сіз алдағы өміріңізді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтымен байланыстырсаңыз қателеспейсіз! Ержүректік, батылдық және абырой – күнделікті жұмыста және ең қиын жағдайларда танылатын әрбір Қазақстандық құтқарушыға тән қасиеттер.

№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Әбибуллаев Нұрғазы Құрманғазыұлы