Екі бала көлге батып кетті

Екі бала көлге батып кетті

2021 жылдың 18 наурызында жергілікті уақытпен сағат 13-тен 05 минут кеткенде Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасында Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Н.Бекежанов көшесі №112, жеке тұрғын үйдің жанындағы "Сүйіндік көл" көлінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылы туған (қыз) және 2013 жылы туған (ұл) мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат келіп түсті (үйден қашықтығы 30 м) (ұзындығы 2 км., ені 300 м. кейбір жерлерде 5 м., тереңдігі 1,5 м., мұздың қалыңдығы 3-4 см.). Оқиға орнына Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Ә.Нұрмантаев пен инженер Н.Мұсахан барған кезде балалардың көл маңында ойнап жүріп, көлге батып кеткені анықталды. Жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта ауыл тұрғындарының күшімен мәйіттер судан (киімдерімен) шығарылған. «Сүйіндік» көліндегі олардың түскен жерінде ені 5 м., тереңдігі шамамен 1,5 метр, беті 3-4 см. мұз қатқан. Оқиға орнына жалпы: ТЖД (2 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (13 қызметкер және 2 бірлік техника), медициналық жедел-жәрдем бригадасы (3 адам және 1 бірлік техника), ауыл тұрғындары (20 адам) барды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына ескертеді: балаларды бір минутке де қараусыз қалдырмаңыздар, мұзда сақ болыңыздар, қауіпсіздік ережелерін естен шығармаңыздар. Қазіргі карнатин кезінде балалардың үйде болуына байланысты олардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажет. Балаларға мұзда, өзен-көлдерде, арық пен каналдарда ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз. 18 жасқа толмаған балаларға үйден өз бетімен, ересек адамдарсыз шығуға болмайтынын да ескертіңіз. Оған қоса отпен ойнамауға да кеңес беріп, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы әңгімелеп беріңіз. Сіріңке баланың қолы жете бермейтін орындарда сақталғаны дұрыс. Мейілінше электр құралдары токтан ажыратылып, газ плитасының сөніп ұрғанын ұдайы қадағалаңыз. Бұдан басқа үйдегі терезелердің жабық тұрғанын қадағалаған маңызды. Әрбір адам өз баласының қауіпсіздігі үшін жауап беретінін түсінуге тиіс. Барлық ата-ана және бала қауіпсіздік ережелерімен танысуы шарт. Ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Қызылорда облысының ТЖД