Ауа райының құбылмалылығынан, толассыз қардың жаууы, сондай-ақ, тұрақсыз мұзды құбылыстардың әсерінен Сырдария өзенінде су деңгейі біршама көтерілуде. Дегенмен дария жағдайы облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан қатаң бақылауда. Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты болады. Егер сіз өзіңізді жекелеген қаупсіздік шараларымен қамтамасыз еткіңіз келсе:
• Су алу қауіпі төнген жағдайда тиісті құтқару органдардың хабарламасымен құлақтануға және мамандардың айтқанын тыңдауға тырысыңыз;
• Жақындап келе жатқан апат жөнінде хабар беру жолдары мен тәсілдерін біліңіз;
• Бұқаралық ақпарат құралдарының дария жағдайы туралы хабарламаларын үнемі тыңдап отыру;
• Су басу белгілерін байқаған жағдайда жас балалар мен қарт кісілерді тез арада қауіпсіз жерлерге және биік тау қатпарларына шығару;
• Сел жүріп өткен арнаға түскенде және онымен жүріп келе жатқанда аса сақ болу, әсіресе сел жырып кеткен жерлер өте қауіпті;
• Көлдегі дамбылармен, мұз кесектерімен немесе қар көшкінінің бетімен, келесі бетке өтуге талпынбау.
• Үйдегі газ, электр көздерін және суды өшіру; жанып тұрған пешті сөндіру;
• Үйдегі қымбат әрі бағалы заттар мен құжаттарды жоғарғы қабатқа немесе шатырға шығару; Үй жануарлары тұрған қоралардың есігіндегі ілгектерді ашып қою керек. Су тасқыны аяқ астынан болған жағдайда, ең алдымен жылы әрі су өткізбейтін киім, көрпе, тамақ алыңыз және тұрғылықты жердің тарихында ешқашан су алмаған биік жерге шығыңыз. Егер ондай жер жоқ болса, онда қайықты және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрселерді дайындаңыз. Су тасқыны басылған соң үзілген немесе салбырап тұрған электр сымдарынан, бүлінген газ құбырларынан сақтану керек. Үйге кірмес бұрын оның су екпінінен кейін қандай жағдайда екенін білу қажет, құлауға шақ тұрған үйге кіру-қауіпті. Су алу қауіпі төнген жағдайда 112 құтқару қызметіне немесе 101 байланыс телефонына хабарлауды ұмытпайық!
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы